N.A.NAZARBAEV

НАЗАРБАЕВ НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ

1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы Қаскелең ауданы Шамалған ауылында дүниеге келген. Теміртау қаласында жаңадан ұйымдастырылған зауыт-втуз ауыстырылғанға дейін, Қарағанды политехникалық институтында 3 жыл оқыды (1962-1965 ж.ж.). 1967 жылы Қарағанды металлургия комбинаты жанындағы завод-втуз бітірді.

Экономика ғылымдарының докторы. Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының, Халықаралық Инженерлік академияның, Ресей Федерациясы әлеуметтік ғылымдар Академиясының академигі. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің құрметті профессоры. Беларусь ғылым академиясының құрметті мүшесі. М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің құрметті профессоры. 1960-1969 жылдары Қарағанды металлургия комбинатында жұмыс істеді.

1969-1973 жылы Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партия-комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды

1973-1977 жылы – Қарағанды металлургия комбинатының партком хатшысы.

1977-1979 жылы – Қарағанды облыстық партия комитетiнiң хатшысы, 2-хатшысы.

1979-1984 жылы – Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің хатшысы

1984-1989 жылы – Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң төрағасы.

1989-1991 жылы – Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы. 1990 жылдың ақпаны мен сәуірі аралығында – Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Төрағасы.

1990 жылдың сәуірінен бастап – Қазақстан Республикасының Президенті.

1991 жылғы 1 желтоқсанда республика Президентінің алғашқы бүкілхалықтық сайлауы өтті, сайлау нәтижесінде Н.Ә. Назарбаев сайлаушылардың 98,7 пайызының қолдауына ие болды.

1995 жылғы 29 сәуірде бүкілхалықтық референдум нәтижесінде Президент Н.Ә. Назарбаевтың өкілеттігі 2000 жылға дейін ұзартылды.

1999 жылғы 10 қаңтарында өткен баламалы сайлаудың нәтижесінде 79,78 пайыз дауыс жинап, Қазақстан Республикасының Президенті болып сайланды.

2005 жылғы 4 желтоқсанда сайлаушылар дауысының 91,15 пайызын алып, Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды.

2010 жылғы 14 маусымда Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының қызметін қамтамасыз ету саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 289 — IV Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы күшіне енді.

2011 жылғы 3 сәуірде сайлаушылардың 95,5 пайыз дауысын алып, Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы.

Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы.

«Нұр Отан» партиясының төрағасы.

Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы.

19.03.2019ж. – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы